13 өңірде жол жабық: Теміржолшылар күшейтілген режимге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 өңірде жол жабық: Теміржолшылар күшейтілген режимге көшті

08.02.2024

Қалың қардағы дәрігерлердің ерлігіне ел сүйсінді. Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында науқасқа жедел-жәрдем қызметкерлері, тізеден асатын қарды омбылап әрең жеткен.

Үш шақырым жерге жаяулатып бір сағатта әупірімдеп жеткен дәрігерлер науқастың жүрегіне кардиограмма түсіріп кеңес беріп қайтқан. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Дәрігерлер жол жабық, боран кезінде науқастар денсаулығына қатты қауіп төнбесе жедел-жәрдемді шақыра бермеуді өтінеді. Еліміздің теміржол саласындағы қызметкерлер де күшейтілген режимге көшті. Қалың жауған қарды тазарту жұмыстарына 70-тен астам техника жұмылдырылды. Техниканың күші жетпеген жерлерді тазарту жұмысына 2 мың теміржолшы жұмысқа шықты. Қазір еліміздің 13 өңірінде жол жабық. Облыстық маңызы бар 85 учаскеде көлік құралдарының барлық түріне қатынауға тыйым салынды. Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық және облыстық жедел штабтар құрды. Психологтар да жұмылдырылған. Жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.


Хабарламаларға жазылу