Павлодар облысында 1 гектарға жуық алқап жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 1 гектарға жуық алқап жанып кетті

13.07.2023

Павлодар облысындағы «Ертіс Орманы» резерваты өртеніп, 1 гектарға жуық алқап жанып кетті. Шарбақты және Аққулы аудандарындағы Сейтен, Бесқарағай, Тойбағар орманшылықтарында барлығы 17 өрт ошағы сөндірілді. Ал Екібастұзға жақын Құлакөл ауылында түнде құрғақ шөп жанып, мамандар қызыл жалынды әрең ауыздықтады. 50 гектардай аумақты жалын шарпыған. Үш күннен бері аймақта күн қатты ыстық. Өрт қаупі күшті, сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу