Павлодар облысында 1 га орман алқабы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 1 га орман алқабы өртеніп кетті

13.07.2023

Павлодар облысындағы «Ертіс Орманы» резерватында өрт шықты. Шарбақты және Аққулы аудандарындағы Сейтен, Бесқарағай, Тойбоғар орманшылықтарында өрттің қоламтасын өшіріп жатыр. Шамамен 1 гектарға жуық орман жанып кеткен. Ал Екібастұзға жақын Құлакөл ауылында түнде құрғақ шөп жанып, мамандар қызыл жалынды таң ата әрең ауыздықтады. 50 гектардай аумақты жалын шарпыған. 3 күннен бері аймақта күн қатты ыстық. Өрт қаупі күшті, сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу