Еліміздің барлық әскери бөлімдері күшейтілген режимге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық әскери бөлімдері күшейтілген режимге көшті

06.06.2016
Еліміздің барлық әскери бөлімдері күшейтілген режимге көшті

Еліміздің барлық әскери бөлімдері күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз жетекшісі Жанар Колбачаева мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақтөбедегі оқиғадан соң қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барлық әскери бөлімшелерге күшейтілген режимде жұмыс істеуге бұйрық берген. Барлық бөлімшелерге арнайы телеграмма жіберіліп, хабардар етілді. Баспасөз жетекшісі батыстағы оқиғаның қорғаныс ведомоствасына қатысы жоқтығын да тілге тиек етті.

Хабарламаларға жазылу