«НВП ағай» комедиясы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«НВП ағай» комедиясы жарыққа шықты

02.05.2024

Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «НВП ағай» комедиясы көрсетіледі. Фильмнің жабық көрсетіліміне десанттар, Алматы қалалық жергілікті әскери басқарма қызметкерлері мен Алғашқы Әскери дайындық пәнінің оқытушысы Жанбол Өмірзақов келді. Туындыны Қорғаныс Министрлігінің қолдауымен белгілі режиссер Дархан Сәркенов түсірген. Фильмде өз жұмысын жан-тәнімен жақсы көретін, талапшыл майор Ерболдың шым-шытырыққа толы оқиғасы баяндалады.

Майор Ербол әскери өмірге қалыптасқан, өз ісіне жауапкершілігі мол маман. Ол бір ротаны басқарып, әрдайым қауырт жұмыстың арасында жүреді. Бір күні Ерболды күтпеген жерден жұмыстан босатып, мектепке барып АӘД пәнінен сабақ беруді бұйырады. Фильмнің желісі дәлі осы жерде қыза түседі.

Шерхан Пірназаров, актер:

Ең бір мектепте бағынбайтын класс болады. Ұстаздарды шақ келтірмейді. Ұтсаздарда шыдамайды. Бүкіл сынып жайлы жалпы мектеп жақсы біледі. Сөйтіп, мені арнайы шақырып, осы сыныпқа жетекшілік етесің, осыны қолға ал, қара деп сөйтеді. Сол жердегі оқушылармен араз болады. Мәмілеге келе алмай, қиныдық тудыратын сәттер көп болады.

Түсірілім барысында Қорғаныс министрлігі актерлерді әскери форма мен жабдықтармен қамтамасыз еткен. Ал фильм көруге жеңіл, сюжеті ойнақы, әзілге құрылғанымен мазмұны терең, көрерменді патриоттық сезімге тәрбиелейді, дейді ұйымдастырушылар.

Қыдырбек Ибрагимов, АӘД дайындық пәнінің әдіскері:

Заманауи неде, кино саласында әрқашан ақиқатты көрсетуге тырысады. Ақиқат ешқандай өмірден алшақ емес. Сондықтан бұл әскери патриоттық тәрбие беруде жастарды мынау Отанымызды қорғауға, оның шегесін шегенді, шекарасы мығым болуына мінекей осы болашақ ұрпақтың үлесіндегі дүние.

 «НВП ағай» - отбасымен барып көруге арналған фильм. Үлкенге де, кішіге де белгілі бір идеяны нұсқап, әскери тәртіп пен мектептің өмірін ұштастырады.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу