Атырауда боран басылып, жабылған жолдар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда боран басылып, жабылған жолдар ашылды

08.02.2023

Атырауда ақтүтек бораннан кейін жарықсыз қалған қала мен үш ауданға жарық біртіндеп беріліп жатыр. Тұрғындардың басым көпшілігі электр қуатына қосылды. Апат болған учаскелерде бас-аяғы 20 бригада жұмыс істеді. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті. Қала көшелерін қардан тазалауға 70-ке жуық техника шыққан. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірдегі 200-дей мектептің оқушысы онлайнға ауыстырылды. 3 бағыт бойынша жабылған жолдар ашылып жатыр. Синоптиктердің мәліметі бойынша, түскен қардың биіктігі 20 сантиметрге жуық. 

Хабарламаларға жазылу