Балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ

13.03.2020

Сақтықта қорлық жоқ. Балаларын үйде қалдыруға мәжбүр болған ата-аналардың біріне ақылы демалыс берілуі мүмкін. Бүгін шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізген Президент жұмыс берушілерге осындай нұсқау берді. Қызметкерін қолдаған кәсіпорындарды Үкімет те қолдамақ.

 Қазір барлық балабақша күшейтілген санитарлық режимге көшті. Ғимараттың есік-терезелері, еден-сөрелері күніне 3 рет жуып-сүртіледі. Балалар да қолдарын жиі жуады.

Десе де, бүгін қалалық білім беру басқармасы ата-аналарға мүмкіндігіне қарай, балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді. Бірақ, бөбекжайлар ресми жабылған жоқ.

Егер жағдай күрт нашарласа, мектептер мен ЖОО сияқты балабақша да жабылуы мүмкін. Бұл – министрдің сөзі. Ал, әзірге, балдырғандардың қауіпсіздігі – ата-ананың қолында.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу