Былтыр қазақстандықтар Түркиядан 1440 пәтер сатып алған
Қазақстандықтар 2023 жылы Түркиядан ең көп баспана алған 5 елдің қатарында. Өткен жылы отандастарымыз түрік елінен 1440 пәтер сатып алған. Мұндай мәліметті Түркия статистика басқармасы таратты. Ақпаратқа сай қазақстандықтар үйді негізінен Анталия, Ыстанбұл және Мерсин қалаларынан алыпты.
Ал Түркиядан ең көп үй алған елдердің көшбасында Ресей тұр. Көрші елдің азаматтары 2023 жылы Анадолыдан он мыңнан аса пәтер алған. Одан кейінгі орындарда Иран, Ирак және Украина азаматтары тұр. Жалпы Түркия өткен жылы шетелдіктерге 35 мың пәтер сатқан. Қазақстан азаматтарының Түркиядан баспана алу тенденциясы пандемия тұсында басталды. Мамандар бұған сол тұстағы баспана бағасының төмен болуы әсер етті дейді.
Еркан Кал, құрылыс және риелторлық қызмет көрсету компаниясы басшысы:
Біздің жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерімізді көбіне шетелдіктер сатып алады. Әсіресе Ресей, Қазақстан және Украина азаматтары жиі келеді. Жалпы соңғы екі-үш жылда пәтерлерді жалға алу үшін де, сатып алу үшін де шетелдіктерден сұраныс өте жоғары. Мысалға қазір біз салып жатқан жобаның іргетасы ғана құйылды, соған қарамастан пәтерлердің 50 пайызы сатылып кеткен.
Дегенмен мамандар шетелдіктердің Түркиядан баспана алу қарқыны былтырғыдан анағұрлым азайғанын айтып отыр. Оған негізгі себеп пәтер бағасы күрт өсуі. Статистикалық мәліметтерге сай өткен жылы шетелдіктерге 67 мыңнан аса үй сатылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен екі есеге төмендеген.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08
Ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Арын жайлы монография жарық көрді
23.05.2026, 20:06
Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады
23.05.2026, 20:05
Ең үлкен зымыран сынақтан өтті
23.05.2026, 20:05
Қытайда шахтадағы жарылыстан 90 адам қаза тапты
23.05.2026, 20:05
Кәсіпкерлерге Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
23.05.2026, 20:04
Соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
23.05.2026, 20:03
«Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы» ІІ Халықаралық фестивалі өтті
23.05.2026, 20:03