Бішкек маңына әскери тікұшақ құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкек маңына әскери тікұшақ құлады

17.01.2024

Қырғызстан астанасы, Бішкектің солтүстік-батысындағы "Достық" ауылының маңында әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл ақпаратты елдің қорғаныс министрлігі растады. Әуе көлігі оқу-жаттығу кезінде құлаған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, экипаж командирі қаза тауып, жетеуі жараланған. Сонымен қатар, ұшақтың "қара жәшігі" табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу