Түркияда тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

07.07.2016
Түркияда тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Түркияның Гиресун провинциясының Алуджра елді мекенінде жоғары лауазымды әскерилер мінген тікұшақ құлады. Бортта болған 15 адамның жетеуі қаза тауып, жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілді.

Апат құрбандарының арасында балалар да бар. Түркиядағы меншікті тілшіміз Бақытжан Омар хабарлағандай, «Сикорский Эс-70» тікұшағымен әскерилер отбасыларымен бірге Гиресун қаласына Айт мейрамын тойлауға бара жатқан.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу