АҚШ-та екі әскери тікұшақ құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та екі әскери тікұшақ құлады

30.03.2023

АҚШ-тың Кентукки штатында екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Бірнеше адам қаза тапқан. Оқиға Форт Кэмпбелл әскери базасына жақын жерде жаттығу кезінде болды. Тікұшақтар бір-бірімен соқтығысты ма, әлде екі түрлі жерде апатқа ұшырады ма, ол жағы белгісіз. Сонымен бірге марқұм болғандардың нақты саны да аталған жоқ. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу