Арал қаласының маңында тікұшақ құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал қаласының маңында тікұшақ құлады

23.02.2022

Қызылорда облысы Арал қаласының маңында АН-2 тікұшағы құлады. Санитарлық авиация қызметімен шыққан әуе кемесінде экипаждың екі мүшесі мен бір дәрігер болған. Абырой болғанда, адамдар аман.

Оқыс оқиға туралы түскі 12 сағат 10 минутта төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түскен. Тікұшақ Арал қаласына 10 шақырым жетпей, Алтықұдық деген жерде құлаған. Құтқарушылар келем дегенше, әуе кемесі толығымен өртеніп кетті. Тікұшақта болған адамдарға медициналық көмек көрсетілді.


Хабарламаларға жазылу