АҚШ-та әскери тікұшақ құлады
АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстігінде тікұшақ құлап, 4 адам қаза тапты. Әуе көлігі Теңіз жаяу әскерінің корпусына тиесілі еді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.
Соңғы түскен мәліметтерге сай, тікұшақ оқу-жаттығулар кезінде апатқа ұшыраған. Оқыс оқиға Эль-Сентро қаласы маңында Мексика шекарасынан бірнеше шақырым жерде болды.
CH-53E Super Stallion АҚШ-тың Әскери күштері қатарындағы ең ірі тікұшақ. Ал, оның не себепті құлағаны әзірге белгісіз.
Айта кетсек, Құрама Штаттарда қаңтарда ғана дәл осындай апат болған еді. Онда Лос-Анджелестен солтүстік-шығысқа қарай Форт-Ирвин Ұлттық оқу орталығының жанында АН-64 құлап, екі адам опат болған-ды.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09