Алдағы 5 жыл көлемінде тікұшақ-таксилер пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жыл көлемінде тікұшақ-таксилер пайда болуы мүмкін

31.03.2014
Алдағы 5 жыл көлемінде тікұшақ-таксилер пайда болуы мүмкін

Алдағы 5 жыл көлемінде тікұшақ-таксилер пайда болуы мүмкін. Мәскеу билігі алдағы уақытта тікұшақтарға арналған қону алаңдарын орналастыру сызбанұсқасын жасап шығаруды жоспарлап отыр. Олардың кейбірі Мәскеу айналма жолының маңына салынады.

Олар тек төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тасымалдаудың әуе нұсқасын іске асыру үшін де пайдаланылатын болады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Айта кетейік, тікұшақ тасымалдары туралы бастаманы ең алғаш рет 2012 жылы сол кездегі Мәскеу облысының губернаторы Сергей Шойгу көтерген болатын.

Хабарламаларға жазылу