2027 жылға дейін барлық ауыл сапалы интернетке қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2027 жылға дейін барлық ауыл сапалы интернетке қосылады

02.05.2024

2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық ауылы сапалы интернетке қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысы кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек хабарлады. Жиында байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қамтылған заң жобасы қаралды. Негізгі 6 өзгеріс қарастырылып отыр. Әуелгісі инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті және инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Ал бәсекелестікті дамыту арқылы байланыстың сапасын арттырып, құнын арзандату көзделіп отыр. Заң жобасы мемлекет басшысының елімізді ІТ хабқа айналдыру туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Құжат бүгін бірінші және екінші оқылымда қаралап, қабылданды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Бұл заң байланыс нарығын сондай-ақ цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру саласына инфестиция тарту мәселелерін қамтиды. Бірқатар түзетулер ғарыштық мониторинг деректерін пайдалану аясын кеңейтуге арналған. Сонымен қатар алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбайға бағытталған нақты шаралар қарастырылған. 

Хабарламаларға жазылу