БҚО Бөкейорда ауданы аумағына Ресейлік зымыран құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО Бөкейорда ауданы аумағына Ресейлік зымыран құлады

28.03.2014
БҚО Бөкейорда ауданы аумағына Ресейлік зымыран құлады
Ресейлік зымыран Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы аумағында орналасқан Шұнғай ауылы маңына құлады, деп жазады «Уральская неделя» газетінің сайты.
 
Басылымның хабарлауынша, зымыран наурыздың 26-нан 27-сіне қараған түні Қазақстан аумағында орналасқан ресейлік «Капустин Яр» әскери полигонынан ұшырылған.
 
Зардап шеккендер жоқ. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жергілікті уақытпен 01.00 сағатта ауыл маңында қатты жарылыс болып, жер сілкінген. Тұрғындар сыртқа шыққанда ауылдан 300-400 метр қашықтықта лаулап жанып жатқан отты байқаған.
 
Оқиғаның куәгерлері ресейлік зымыран құлардың алдында үшке бөлініп кеткен дегенді айтады.  
 
http://www.uralskweek.kz

Хабарламаларға жазылу