Роботтар үй шаруасындағы адамды толық алмастыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роботтар үй шаруасындағы адамды толық алмастыруы мүмкін

16.01.2024

Таяу жылдары роботтар өндіріс орындарында ғана емес, үй жұмыстарында да адамды толық алмастыруы мүмкін. Оған Ақышта өтіп жатқан тұрыстық электроника көрмесі дәлел болса керек. Ауыр заттарды көтере алатын гуманойд құлтемір, әңгіме-дүкен құратын робот иттер, немесе ұшатын автомобиль секілді сан-алуан өнертабыстар паш етілген шарадан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толығырақ.

Лас-Вегас бір апта бойы өнертапқыштардың ордасына айналды. Биыл әлемнің түкпір түкпірінен жиналған іздемпаздар ауқымды көрмеге төрт мыңнан астам өнертабысын әкелген. Жасанды интеллектпен жабдықталған соңғы жетістіктер. Елеулі бөлігі үйдің күйбең тірлігін жеңілдететін құрылғылар. Мәселен, Адам деп ат қойылған мына робот кез-келген сусынды жасайды. Таптырмас даяшы. Себебі, тапсырыс берген адамның түр әлпетін есте сақтап, сусын дайын болғанда өзі жаңылмай әкеліп береді. Ал, мына құрылғы суды ауадан сүзіп алады екен.

Коди Суден, өнертапқыш:

Біз бұл технологиялымызды кофе машинасына қолданамыз. Демек, кофе машинасы енді өзінің су резервуарын өзі толтырады. Сондықтан таңертең оянғанда су толтырып жүрмейсіз немесе кофе сатып алу үшін старбаксқа асығып уақыт пен ақша жоғалтудың қажеті жоқ.
Ал мына аппарат сұлулық салонына жиі баратын әйелдердің уақыты мен ақшасын үнемдейді. Нимбл атты машина тырнақтарды сканерлеп, түрлі формада әшекейлеп бояйды әрі кептіріп береді. Ал, телефонға қосылатын мына кішігірім құрылғыны ара немесе маса шаққан тұсқа бассаңыз ол жердің тітіркенуін азайтады дейді өнертапқыштар.

Бұл ит тәрізді роботтар үй жануарынан ақылдырақ. Себебі, жасанды интеллектпен жабдықталған төрт аяқты құрылғылармен сөйлесуге болады.
Әзірге ағылшын тілін түсінеді. Баспалақтардан сүрінбей, еркін еңсеретін әрі алпыс келілік заттарды көтеріп, бір метр терең суды оңай кешіп өте алатын құлтемірлерді құрылыста ауыр жұмыстарға жегуге болады дейді компания өкілдері. Ал, мына робот болса, үй жануарларын күтуге арналған. Тамақтандырып қана қоймай, тіпті ойнап, суретке түсуге де қабілетті.

Арун Коол, өнертапқыш:

Ол итіңізді уақытылы тамақтың қажетті мөлшерін бере отырып қоректендіре алады. Қажет болған жағдайда итіңізді емдей алады. Ойынға тарта алады. Егер итіңіздің іші пысса немесе оған басқа жаттығу қажет болса, онымен доп лақтырып әкелдіріп, ойнайды.
Көрмеде ұшатын эректромобилдер де бар. Дизайны ерек көліктің проперллер қанаттары шанағынан әп сәтте тарала шығып жайылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме тек бизнес өкілдеріне арналған. Соның өзіне биылғы шараға жүз мыңнан аса көрермен келген. 


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу