«Шырша сізден, алғыс бізден» науқаны басталды
Алматыдағы хайуанаттар бағы тұрғындарға Жаңа жылдық мерекеден кейін қалған шыршаларды қоқысқа тастамауды өтінеді. Олар көпшіліктен жасыл желекті зообаққа өткізулерін сұрап отыр. Өйткені табиғи шыршаларды бұғы, түйе мен ешкілер сүйсініп жесе, өзге жан-жануарлар үшін табиғи ортаны сезіну үшін маңызды. Әзірге бір аптада бірнеше отбасы шыршаларды әкеліп өткізген екен. Зообақ қызметкерлері қалалықтардың ескі жаңа жылдан кейін шыршаларды көптеп өткізетінін күтіп отыр.
Балабек Мақатов, «Алматы хайуанаттар бағы» тұяқтылар бөлімінің меңгерушісі:
Бұл әрине бірінші жыл емес, 3-4 жыл бұрын басталған сондай іс-шараларымыз. Тек қана шырша емес, күзде емен жаңғағын да қабылдайтын, сондай іс шараларымыз бар. Қала тұрғындарынан және бізге келіп жатқан қонақтардан сұраймыз. Соны қоқыстарға тастамай, біздің баққа әкеліп, біздің малдарымызға сонымен ойнатуға, солардың аромат иістерін сезуге табиғи жағдайға келтіруге бізге әкеп тастаса екен деген сұранысымыз бар.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12