60 млн теңге желге ұшты: Павлодар әкімдігі мұз қалашығына қатысты теріс мәлімет берген
Жаңа жыл қарсаңында, қоғам тарапынан шу тудырған Павлодардағы мұз қалашығының құны әкімдік өкілдері мәлімдегендей 52 млн теңге емес, 60 млн теңге болып шықты.
Кеше қалалық ТҮКШ бөлімі тілшімізге нысанды қабылдап алып, 52 млн теңге мердігердің есеп шотына аударылғаны жайлы ресми мәлімет берген болатын. Ал, оған дейін қала әкімінің орынбасары 53 млн.теңгеге мұз қалашығы салынып жатыр,-деп жариялады. Бірақ, бүгін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке зерттеу жүргізіп жүрген республикалық қоғамдық бірлестігінің аймақтағы өкілдігі конкурстық талаптардан бастап, жобалық-сметалық құжаттарына дейін тексеріпті.
Нұргүл Қайырденова, «Әділдік жолы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының басшысы:
Келісімшарт бойынша 20-шы желтоқсанда бұл мұз қалашығы салынып бітіп қабылдануы керек болатын. Бірақ бүгінгі күні міне 28 желтоқсан бұл қалашық біткен жоқ. Порталда жұмыстың аяқталғаны туралы акті, не ақша аударылғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Яғни, жұмыс қабылданбаған бүгінге дейін. Айтып отыр ғой 52, 53 млн деп, бірақ біздің көргеніміз НДС қосқанда 59 млн 999 мың 999 теңге, былайша айтқанда 60 млн ақша бөлініп отыр.
Бұл мәліметтерге қоса, конкурсты өткізу кезінде жол берілген бірқатар заңбұзушылық деректері хатқа түсіріліп, бүгін сыбайлас жемқорлыққа-қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылған. Қазір қалашықта бірен-саран жұмыскерлер бар. Олар еріп кеткен мүсіндердің орнына пласмастан жасалған жасанды фигураларды орнатып жатыр. Бірақ, осындағы бірде-бір нысан пайдалануға жарамсыз. Сырғанақтарда мұз жоқ, тақтайы шығып кеткен. Қаңтар бойы өңірде күн райы жылы болады. Біз басқа да қоғамдық ұйымдармен бірігіп, бюджет қаражатын кері қайтаруға күш саламыз-дейді «Әділдік жолы» бірлестігінің аймақтағы өкілі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09