Мәжіліс жылдық жұмысын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс жылдық жұмысын қорытындылады

27.12.2023

Жалпы, Парламент Мәжілісі сессия басталғалы 36 заң қабылдап, Сенатқа жіберген. Оның 26-на Президент қол қойды. Барлығы 106 заң жобасы палата жұмысында қаралған. Мәжілістің жылдық жұмысын қорытындылаған Ерлан Қошанов осылай деді. Жалпы, өтіп бара жатқан жыл/ Қазақстан Парламентінің жаңару кезеңі болды. Көктемгі сайлау қорытындысы бойынша, депутаттар құрамы айтарлықтай жаңарды. Мәжіліске алты саяси партия мен бірмандатты округтерден сайланған депутаттар келді. Бүгінде төменгі палата түрлі көзқарас пен саяси пікірлер тоғысқан алаңға айналды деді, - палата төрағасы.

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

Парламенттік талқылаудың, депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Осылайша барлығымыз жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға ат салыстық. Биыл депутаттар Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты. Келер жылы Қасым-Жосмарт Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру және халықтың мүддесін қорғау бойынша жұртшылықпен тығыз қарым қатынаста жұмыста жалғастыратын боламыз. 

Хабарламаларға жазылу