Ақмола облысында 900-ге жуық ауыл тұрғыны жерінен айырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 900-ге жуық ауыл тұрғыны жерінен айырылып қалды

26.12.2023

Ақмола облысында ауыл халқына тиесілі тоғыз мың гектардан астам жер жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен. Себебі, кезінде бұл жер телімдерін біріктіріп алған серіктестік оны тұрғындардың келісімінсіз банкке кепілдікке қойған. Кейін қарызды өтей алмай, өзін банкрот деп жариялапты. Жерінен бір мезетте айырылып қалған тұрғындар арнамызға шағымданды. Мәселенің мән-жайын әріптесім Ұмсындық Наурызбаева баяндасын.

Бұл - әділдік іздеген халықтың бір бөлігі ғана. Олардың көбі жерінен қалай айырылып қалғанын да білмейді. Үлгі ауылының тоғыз жүзден астам тұрғыны кезінде жерлерін бір шаруашылыққа біріктірген. Сол үшін белгіленген пай үлестерін де алып отырыпты. Дегенмен, серіктестік жерді жылдар бойы банкке кепілдікке қойғандығанан мүлдем бейхабар болып шыққан.

Сапарбек Бекмағанбетов,  ауыл тұрғыны:

Мал жаятын жер жоқ. Мінекей, былай екі шақырым барсаңдар. Барлығы жыртылып жатыр. Банкке незаконно кетті. Айтып тұрмын ғой. Бізде собрание болған жоқ. Біз берген жоқпыз жерді.

Қазір тұрғындар қайда барып, кімге шағымданарын да білмейді. Себебі, жерді заңсыз кепілдікке қойған серіктестік қарызын уақытылы төлемеген. Салдарынан ол үшінші тұлғаға сатылып кеткен. Ал мұндай заңсыз әрекетке барған шаруашылықтың директоры тұрғындардан сенімхат болғандығын айтады.

Ал құрылтайшылармен байланысқа шығу мүмкін болмады. Жергілікті билік өкілдері де бұл жағдайда шарасыз. Тек медиатор ретінде іске араласа алады. Сондықтан алдағы уақытта заңсыз әрекетке барған қожалықтың басшыларымен кездесу өткізбек.

Серік Шәуенов, Біржан Сал ауданы әкімінің орынбасары:

Енді местный испольнитель орган ретінде сол кісілерге көмектесеміз. Біздің қолымыздан келген, қандай көмек жасауға дайынбыз. Қазіргі уақытта доверенность алған юристпен кездесу өткізіп жатырмыз. Қандай бізден құжаттар керек, қандай көмек керек, аудан әкімдігі ретінде барлығын береміз.

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Қазіргі уақытта үш жүзге жуық ауыл тұрғыны заңгер жалдап, аудан, облыс әкімдігі мен Бас прокуратура сынды бірнеше құзырлы органға хат жолдаған. Енді істі сотқа дейін жеткізуді көздеп отыр.


Хабарламаларға жазылу