Басты Жаңалықтар Маңғыстауда алты ай жанған өрт өшірілді

Маңғыстауда алты ай жанған өрт өшірілді

Маңғыстаудағы Қаратұрын кен орнында 6 айдан бері жанып жатқан өрт өшірілді. Мамандар қызыл жалынды кеше сағат кешкі 7-лерде толық ауыздықтаған. Олар арнайы жоспар бойынша, апатты ұңғымаға қосымша шұңқырлар қазып, су және ауыр ерітінді құйды. Нәтижесінде, алапат өрт бәсеңдеп, ақыры тоқтады.

Айта кетейік, аса күрделі, қауіптілігі жағынан ең жоғарғы деңгейдегі апат 9 маусым күні болған еді. Ұңғыманы жөндеу жұмыстары кезінде, технологиялық процестердің сақталмауынан, ауаға газ-су аралас қоспа атқылаған. Оның арты қызыл жалынға ұласып, ол 170 күн бойы жанды.


Бөлісу