Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында биыл білім саласына 278 млрд теңге бөлінді

Қызылорда облысында биыл білім саласына 278 млрд теңге бөлінді

Биыл 11 айда Қызылорда облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республика ішінде алғашқы үштікке енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Ресми ақпарат бойынша, инвестиция көлемі 18,4%-ға өсіп, шамамен жарты триллион теңгеге жеткен. Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қаржылық қолдауға түрлі көздерден 63 миллиард теңге тартылып, 4,6 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Биыл өңірде білім саласына 278 миллиард теңге бөлінді. 4 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, тағы төрт мектепке 2 мың орындық қосымша ғимарат салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.


Бөлісу