Басты Жаңалықтар Kazakhexport отандық өндірушілерге көрсетілетін қолдауды күшейтті

Kazakhexport отандық өндірушілерге көрсетілетін қолдауды күшейтті

Қостанай облысындағы май өңдеу кәсіпорны, «KazakhExport» компаниясы көрсеткен қолдаудың арқасында экспорт көлемін арттырып жатыр. Қазірдің өзінде зауыттан шыққан отандық өнім, орталық Азия елдерінің нарығын жаулай бастаған. 

Үлкен ұжымды еңбекпен қамтыған зауыт айына 1000 тонна шикізат өңдейді. Дайын өнімнің 95 пайызы шетелге экспортталады. Олардың нырыққа кедергісіз шығуына жол ашып берген KazakhExport компаниясы. Қарызды сақтандыру арқылы кәсіпорын капиталын толықтырды. Сөйтіп, шикізат қорын сатып алуына мүмкіндік жасады.

Мұхамбетжан Ақұлов, кәсіпкер:

«KazakhExport» пен үш жарым жылдай жұмыс істеп келеміз. Үш жарым жылдың ішінде бізге 3 млрд-қа жақын сақтандыру қызметін көрсетті. Оның сыртында біздің шетелге жіберген өнімдерімізді сақтандырады.

Сұраныс көп. Соның арқасында өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзінде жылына 34 мың тоннадан астам дайын өнім шығарылады. Ендігі мақсат – жаңа нарыққа құлаш сермеу. Жалпы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «KazakhExport» сақтандыру компаниясынан, соңғы 7 жылда отандық өндірушілер 970 млрд теңге көлемінде қолдау көрді. Мұндай мүмкіндікке ие болған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесі шамамен 70 пайыз.

Ернұр Көшкінбаев «Kazakhexport» ЭСК» АҚ аймақтық өкілі:

«Промбаза – 7» сияқты компанияларымыздың арқасында, Қазақстанның әлемдік нарықтағы рөлі тұрақты түрде өсіп келе жатыр. «Промбаза – 7» компаниясына ұсынылған мемлекеттік қолдау арқасында қазіргі таңда Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстан нарықтары қамтылуда.

Сақтандыру компаниясы биылдың өзінде 80-нен астам отандық өндірушіге қолдау көрсеткен. Олардың үштен бір бөлігі жаңа клиенттер болып отыр. Экспорт географиясы әлемнің кез келген нүктесін қамтиды. Айта кетейік, биыл Мәжіліс ұлттық компанияның Экспорт-кредит агенттігіне айналуы туралы заңды қабылдаған еді. Енді отандық экспорттаушыларға көрсетілетін қолдау құралдары да артпақ.


Жандос Темірғали

Бөлісу