Атырауда Теңізшевройл компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы қорытындыланды. Онда бағдарлама серіктестері мен үкіметтік емес ұйымдар биыл атқарған жұмыстары жайлы баяндалды. Осы жылы инвестиция көлемі ұлғайып, жалпы сомасы 2,5 млн АҚШ доллары болатын 21 жоба іске асты.
Бағдарлама аясында ҮЕҰ өз жобаларын ұсынған. Биыл әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, білім беру, экология, азаматтық қоғамды қалыптастыру және дамыту, қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын сақтау сияқты салаларды қамтыды. Жылдан-жылға жобаға қатысушы ұйымдар саны да артып келеді. Бастаманың да басты мақсаты –өңірді жан-жақты дамыту.
Дәрмен Аронов, «Теңізшевройл» компаниясы Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:
Биыл осы 2023 жылдың нәтижесін көрсетіп, 21 үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарының нәтижелерін көріп жатырмыз. Теңізшевройл компаниясымен бұл жұмыстар әрмен қарай да іске асады деген сенімдемін.
Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы өз жұмысын 2010 жылы бастады. Осы кезеңде 129 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар туа бітісінен сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге де осындай жобалар арқылы қолдау көрсеткен.
Анар Каюпова, жоба бенефициары:
Бұл балалардың дамуы иппотерапия арқылы жүзеге асады. Сал ауруы, аутизм, даун ауруы бар балаларға көптеген көмегі бар. Ұсақ моторикасын дамыту, бұлшық ет, дене бітімін дамытуға көмектесіп жатыр.
Кездесу соңында компания өкілдері қоғамдық бірлестіктерге, жоба демеушілеріне алғыс хаттар табыстап, түрлі шеберлік-сағаттар өткізді.
