Үкімет жылдың экономикалық қорытындысын осылай шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет жылдың экономикалық қорытындысын осылай шығарды

24.12.2023

Инвестиция өсіп, инфляция төмендеді. Үкімет жылдың экономикалық қорытындысын осылай шығарды.Олардың есебінше, биылғы жылдық инфляция - 10,3 пайыз. Ал, былтыр - 20,3 пайыз болған. Яғни, 2 есе төмендеген.Оған 90-ға жуық жедел қабылданғаншаралар әсер еткен. Сондай-ақ,соңғы алты айда елге 13,3 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылған.Бұл өте жоғары көрсеткіш және орта мерзімді перспективада экономикалықөсімнің кепілі,-деді Үкімет мүшелері. Қаңтар мен қарашаның қорытындысына сәйкес экономиканың өсімі - 4,9 пайыз. Өткен жылы - 2,7 пайызеді.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, нақты сектор – 3,5, қызмет көрсету саласы – 5,6 пайызға өскен.

Әлібек Қуантыров: ҚР Ұлттық экономика министрі,

«Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ, көлік және қоймалау көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 14,6%-ды құрады. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды».

Биыл жан басына шаққандағы ЖІӨ-де 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға өскен.Мұндай көрсеткіш соңғы рет 8 жыл бұрын болған. Ал, сыртқы сауда айналымы 114 миллиард доллардан асқан. Бұл да - рекорд. Оның ішінде экспорт көлемі рекордтық шамаға, 65 млрд дол¬ларға жеткен. Мұндағы өң¬дел¬ген тауар¬лар экспорты - 21 млрд. Үкіметтің есебі көңіл қуантады. Бірақ, қағаз жүзіндегі жақсы нәтиже күнделікті өмірде байқала ма?Жалпы, бұл есеп қалай жасалады? Кейбір экономистер пікірінше, есептеу жүйесін өзгерту қажет. Сондықтан олар кей сандармен келіспейді. Ал, өздерінің қорытындысы қандай? Алдағы жылға болжамы қалай? Өйткені, 1-қаңтардан бастап «Шағын және орта бизнесті тексеруге салынған мораторий» аяқталса, ол кәсіпкерлерге қалай әсер етеді. Одан бөлек, 2025 жылы қосымша құн салығының көлемі 4 пайызға өсуі мүмкін. Онда инфляция қайта өспей ме?

Амангелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу