Ақтөбеде жұмысына салғырт қараған құтқарушы сот алдында жауап беріп жатыр
Ақтөбеде жұмысына салғырт қараған құтқарушы сот алдында жауап беріп жатыр. Ол көмек сұрап хабарласқан баланың сөзін елемеген.
Бұл оқиға биыл, наурыз айында болған еді. Шаһардағы пәтерлердің біріне балкон арқылы кірген қылмыскер 13 жастағы Софияның анасы мен ағасын пышақтап өлтіріп, артынша өзіне тап берген. Пышақ жарақатын алған жасөспірім 112 қызметіне хабарласқан. Тұтқаны көтерген кезекшінің көмекшісі оның сөзіне сенбей, тіпті, ойнап, қоңырау шалмау керектігін ескерткен. Тек арада бір сағатқа жуық уақыт өткенде қайта хабарласып, көмек сұрағанда ғана жедел жәрдем жіберген. Бұл ауыр қылмысты жасаған күдікті ұсталып, кейін абақтыда өзіне қол салып қайтыс болды.
Әсел Таналиев, Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі:
Игнатьева пышақ жарақатын алған соң 112 номеріне бірнеше рет хабарласқан. Қылмыскер ағасын өлтіріп, өзіне пышақ жарақатын салғанын және тұншықтырғанын айтқан. Алайда оған кезекші көмекшісі сенбей, ешқандай шара қолданбаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Парламентаралық шахмат кубогі өтті
23.04.2026, 20:59
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
23.04.2026, 20:58
Каспийдің келешегі: Экожүйе мен экономикаға қауіп
23.04.2026, 20:57
Орталық Азиядағы эко-волонтерлікті дамыту жөніндегі резолюция қабылданды
23.04.2026, 20:40
Шетелдік БАҚ экологиялық саммитті талқылап жатыр
23.04.2026, 20:38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында GRECO ұсынымдарының орындалуы қаралды
23.04.2026, 20:35
Жас сайлаушылар форумы өтті
23.04.2026, 20:34
Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды
23.04.2026, 20:31