Талдықорған қаласының өнеркәсіптік өндіріс көлемі соңғы 11 айда 118 млрд теңгеге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласының өнеркәсіптік өндіріс көлемі соңғы 11 айда 118 млрд теңгеге жуықтады

20.12.2023

Талдықорған қаласының өнеркәсіптік өндіріс көлемі соңғы 11 айда 118 млрд теңгеге жуықтады. Облыс орталығында құрылыс қарқын алып, жыл соңына дейін барлығы 1700-ге жуық отбасы баспаналы болмақ. Жетісудың бас шаһарының даму жоспарымен тұрғындармен кездескен облыс әкімі Бейбіт Исабаев баяндады.

Талдықорған қаласында оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүріп жатыр. Бұл қалалық мәслихат депутаттарының жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп шешкен үлкен мәселесі. Мұнан бөлек облыс орталығында апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына біртіндеп басқа баспана беріле бастады. Сайлаушылардың өзекті мәселелерін халық қалаулыры билікке жеткізіп, оң шешімін табуға ат салысуда.

Гүлниса Тұлымшақова, Қалалық мәслихат депутаты:

Тағы да бір шешілген мәселеміз ол апаттық үйлерде тұратын азаматтарымыздың мәселесі болатын. Бұл мәселе бүгінгі таңда 20-дан астам азаматтарымызға орнына үй берілді. Және бұл мәселе қалалық әкімшілік тарапынан келесі жылы толық шешімін табатын болады.

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қаланың бюджеті де мықты болу керек. Ал ол үшін салық төлейтін өндіріс орындарын көбейту міндеті тұр. Биыл екі жаңа кәсіпорын іске қосылып, бір зауыт өндірісін ұлғайтты. Орта және шағын бизнестің дамуына да назар ерекше.

Қазір қалада істеп тұрған 17 мыңнан астам бизнес субъектісі бар. Бұның саны былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Онда 39 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Көрсеткіш жаман емес.

Қала тұрғындарының 90 пайызы көгілдір отынға, 98 пайызы сапалы ауызға қол жеткізді. Дегенмен жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде 45 мың адам тұр. Мәселені оң шешу үшін бас жоспарға түзетулер енгізу міндеттелді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу