Дау-дамайды сотқа дейін шешетін медиаторларға сұраныс артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дау-дамайды сотқа дейін шешетін медиаторларға сұраныс артқан

29.11.2023

Елімізде жыл басынан бері 50 мыңнан астам дау-дамай медиативтік келісім бойынша қаралды. Бұл - Қазақстанда медиация саласының қарқын алып келе жатқанының белгісі, дейді Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров.

Ведомство Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамымен бірлесе отырып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген медиаторларға екі күндік семинар-тренинг өткізіп жатыр. Медиаторлар бүгінде отбасылық мәселе, еңбек саласындағы жанжал немесе банк пен берешектер арасындағы істерді реттеумен айналысады. Республикада 60-қа жуық сертификациядан өткен медиаторлық ұйымда, 2000-нан аса маман жұмыс істейді.

Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік елдерінің ұйымдарының 10-шы саммитінде бітімгершілікке медиаторларға үлкен мән аудару керек екенін айтқан болатын. Өйткені қазіргі таңда өте өзекті мәселе және қылмыстық істер, азаматтық істер, жанұялық медиаторлар қазір өте керек.

Жанар Үсіпбекова, Халықаралық медиация институтының директоры:

Грузия мемлекетінде міндетті түрде сотқа бармай тұрып, ең бірінші медиация арқылы шешу керек. Медиатор дегеніміз ол - біріншіден ол психолог, ол жаңағы келіссөздерді жүргізетін адам, үшіншіден ол как конфликтолог.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу