Елімізде 205 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 205 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан

23.11.2023

Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 205 мыңнан аса адам есепте тұр. Оның басым бөлігі сүт безінің онкологиялық дертіне шалдыққан. Сондай-ақ, өкпе, ішек, асқазан обыры да дендеп тұр. Дертке шалдыққандардың өмір жасын ұзартып, өлім-жітімді азайту үшін онкологтар, радиологтар тәжірибе алмасып жатыр. Астанадағы халықаралық жиынға Еуропа, Америка, Германия сынды бірнеше елдердің жетекші мамандары шақыртылған. Конференция аясында шеберлік сабақтары да өтіп жатыр. Дәрігерлер ота жасап, әріптестерімен тәжірибе бөлісуде. Астана қаласының бас онкологы Мұхтар Тілеутаев әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамау керектігін еске салды.

Мұхтар Тілеутаев, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығының директоры:

Онкология диагнозы қойылса немесе күдік пайда болса, ол адамның үнжорғасы түсіп, бұл өлім екен деп соған қолын қусырып, көңіл түсіріп, емделуден бас тартатын адамдар бар. Бірақ, бүгінгі күні біздің медицинаның жетістігі - ол ауруларды жеңуге болады. Бастапқы уақытында, басталып келе жатқанда диагноз қойылса, ол адамның толық жазылып шығуына мүмкіншілік бар.


Хабарламаларға жазылу