Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
Алматыда «SuperStar kz» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр. Кастингтің бірінші күні 150-ден аса қатысушы бақ сынады.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар бұл жолы да үлкен үміт арқалап келген. Қатысушылар тыңғылықты дайындалғанымен, қобалжу да сезіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыға дейін іріктеу еліміздің сегіз өңірінде өткен. Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. 4-сәуірде басталған кастинг ертең «Qazaqstan» телеарнасының Алматыдағы филиалында мәреге жетпек. Байқауға онлайн да қатысуға болады. Айта кетейік, 20 жылдық үзілістен кейін қайта жаңғырған «SuperStar KZ» жобасы – жас орындаушылардың кәсіби деңгейін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашатын маңызды өнер алаңы.
Нұргүл Нұғман, «SuperStar KZ» жобасының музыкалық продюсері:
Мұндай жобалар көбірек болсын. Өйткені жастарға жол береді. Өйткені, бұл жобада күннен-күнге өсе береді. Әртіс болу оңай емес. Сондықтан әндерін де, өздерін де реттейді. Репертуарын да көбейтеді. Менің ойымша бұл жобаны бүкіл Қазақстан күтіп жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы