«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
Тұрғын үй нарығында пәтерлер «эконом», «комфорт», «элит», «бизнес», «премиум» деп сатылып жатады. Ал заңда олай бөлу жоқ, ондай сипаттама жоқ. Сонда бояуы қалың сөздерді оңды-солды қолдана беруге бола ма? Маркетингтік қадам екені түсінікті. Бірақ бұл тұтынушы құқығымен қабысатын дүние ғой. Екіншіден, солай бөлгеннің өзінде үйлер атаған сипаттамасына сай ма? Оның стандарты қандай және оның сақталуын кім қадағалайды? Қадағалана ма? Пәтердің төбесі 3,3–3,5 метрге жетсе, кіреберіске аздап мәрмәр қосса, орталыққа немесе ірі ойын-сауық орталығына жақын тұрса, жанында парк болса, болды ма? Төртбұрыш қорап сатып алып, жөндеуге тағы бір пәтердің құнын жұмсайтынымыз бөлек әңгіме. Раушан Сайлауқызы талдайды.
Қала тұрғыны:
Бұл ЖК комфорт класс деп соғылған ЖК обслуживаниесіне қарасақ комфортқа ұқсамайды.Диляра Сейітнұрова, Qazaq Expert Club сарапшысы:
Елдің арасында тарап жатқан «комфорт», «эконом», «бизнес» деген заттар шын мәнінде бар болғанымен ешқай жерде заңмен бекітілмеген. Ол ұғымдар көбінесе расмытый дейміз ғой, түсініксіз, нақты емес болып келеді.Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Басында комфорт класс, комфорт плюспен соғамыз деп ақшаны жинайды, ал іс жүзінде үлескерлер қолына эконом кластағы үйді алады. Басқаша айтқанда бұл үлкен жауыздық.Раушан Сайлауқызы, тілші:
Иә, пәтер алатындардың көбі тұрғын үйлердің «эконом», «комфорт», «элит», «бизнес», «премиум» деген атауына көп сенеді, құжатына емес. Сөйтсе бұл атаулар шын мәнінде заңда жазылмаған, нақты стандарты да жоқ, жәй ғана маркетингтік ұғымдар. Әр құрылыс компаниясы өз түсінігінде қолданады. Мысалы, бір компания үйді «комфорт» санатында деп сатса, енді бір компания дәл сондай үйді «бизнес-класс» деп бағалайды. Яғни, біреулер биіктігі 3 метрден асса, енді біреуі аумағы кең болса болғаны, басқа сипаттамаларына қарамастан «бизнес, элит класс» деп сататындар тағы бар.Виктория Тен, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы президентінің орынбасары:
Меніңше бұл ұғымдарды құрылыс компаниялары халыққа барынша түсінікті болу үшін жиі қолданатын сияқты. Ал кей жағдайда маркетологтар мен риелторлар, тұрғын үйлерді сататын компаниялар үйді тезірек өткізу үшін әсіре жарнамалап, өз пайдасы үшін жалған ақпарат беретін де жағдайлар бар.Жанерке Сағымжан, ҚР ӨҚМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті баспасөз хатшысы:
Көппәтерлі тұрғын үйлер негізгі заңнамаға сәйкес, бірінші, екінші, үшінші, төртінші және шағын гибридті деп бөлінеді. Бизнес, комфорт деген норматив бойынша көзделмеген.Қала тұрғыны:
Мысалы, көп жағдайда кәсіпкерлер бірінші класты - элит, екінші класс - бизнес, үшінші класты комфорт, ал төртінші класты эконом деп әркім өз білгенімен жарнамалайды. Ал қолданыстағы тұрғын үйлердің 5 класын сараласақ, тұрғын үйдің ауданы, төбе биіктігі, бөлмелер саны, ас үйдің көлемі, жуынатын бөлме, автотұрақ, инженерлік желі, энергия үнемдеу тиімділігіне қарай топтастырған. Мысалы, биіктігі 1-2-ші санатта 3 метрден асса, үшінші санатта 2,7 метр, паркинг саны бірінші санатта 1 үйге екі орын болса, үшінші, төртінші санатта керісінше, 2 пәтерге бір орын. Тағы бір ерекшелігі жоғары санатты үйлерде энергия үнемдегіш құрылғылар болуы тиіс.Мынау елордадағы «Көркем 2» тұрғын үй кешені. Комфорт санатындағы үй деп сатылған. Ал құжат бойынша үшінші санат. Бейнебақылау болуы тиіс. Автотұрақ саны бойынша 2 пәтерге бір орын берілуі керек. Бірақ мұндағы тұрғындардың көп дүниеге көңілдері толмайды.
Бір жағдайлар болып қалса, бейнебақылаулары істемейді. Сосын лифт ақылы.Қала тұрғыны:
Паркинг ақысы қыстың күні 42000, жазда 25000 теңге деді. Мыңға жуық пәтер, 400 орын. Жарайды, егер оған сервис соған сәйкес етсе. Қыстың күні кірсең суы ағып, былжырап жатады. Қаншама коммуналдық қызмет төлейміз ай сайын. Жинақтау жарнасы бар. Кіреберістерді қарап жүрген, қай қабатта не болып жатқанын қарайтын адам жоқ.Қала тұрғыны:Қала тұрғыны:
Кіреберіс өткенде опырылып түсті.
Анау бірінші кіреберістен бастап 6 кіреберіске дейін жарық жоқ. Соны айтып шаршадым.Ал мынау премиум санатындағы «Еуропа сити» тұрғын үй кешені. Мұнда да компания басында уәдені үйіп-төккен. Мұнда да компания басында уәдені үйіп-төккен.Қала тұрғыны:
Басында жаттығу залы, бассейн болады деген. Коммуналдық қызметі. Мысалы мен үйде тұрған жоқпын, айына 2 бөлмеге 100 доллар төлеймін.Қала тұрғыны:
Балалардың ойын бөлмелері болады деп еді, ол да жоқ. Қызмет көрсететін адамдар аз. Тазалығына көңілім толмайды. Әр кезде әрқалай.Ал «Астана Тауэрс» деп аталатын мына үй де комфорт санатында. Бірақ көлік қоятын орын жетіспейді.
Кешке дейін орын болса, қойып аламыз. Орын болмаса айдалаға қоямыз. Басқа аулаларға қоямыз. Мұнда 600 бе, 700 пәтер бар, машинасын қайда қояды.
Ал тұрғындардың тағы бірі жалған жарнамаға сеніп, тіпті пәтердің өзіне қол жеткізе алмай жүр.
Гүлбақыт Давлетьярова, үлескер:
Құрылыс компаниясы бұл үй «бизнес элементіндегі комфорт класс» болады деп уәде берді. 2021 жылы соған сеніп, пәтерге ақша салғам. Мен секілді 233 адам алданып қалды. Биыл қылмыстық іс қозғалып, құрылыс иесі қамауда отыр. Ал мына үй биыл ғана басқа инвестордың қолына өтті.Елдегі соңғы уақытта салынып жатқан тұрғын үй құрылысының 80 пайызы сұранысқа сай 4-ші санаттағы үйлер. Бұл саланың сапасын қадағалайтын сәулет-құрылыс бақылау басқармасының дерегінше былтыр елорда бойынша 10317, биыл 4 айдың өзінде 2700 шағым келіп түскен.
Алтынай Бауыржанқызы, Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының баспасөз хатшысы:
Жоспардан тыс 150 тексеру жүргізілген болатын. 72 млн-нан астам сомаға 192 айыппұл салынды. Құрылыс нормалары мен ережелерді бұзу, жобалық сметалық құжаттардың сәйкес келмеуі, гидроизоляция, абаттандыру мәселесі, паркингтің болмауы, пәтер санының дұрыс болмауы, техникалық қабатты жабдықтау секілді сұрақтар.Раушан Сайлауқызы, тілші:
Одан өзге пәтераралық қабырғалар сапасының төмендігі, өрт сөндіру қауіпсіздігінің сақталмауы, бейнебақылау камераларының болмауы секілді фактілер өте жиі кездеседі. Бірақ алдын ала жасалған келісімшарт құжаттарында көбінесе тек үйдің орналасқан жері, пәтердің шаршы метрі, төбенің биіктігі ғана жазылады. Басқа детальдары нақты айтылмайды, оған тұтынушы да мән бермейді. Сондықтан мұндай істерді сотта дәлелдеудің өзі қиын.Яғни, мұндай шағым түссе құрылыс компаниясына алдымен нұсқама беріледі. Бір айда орындамаса әкімшілік іс қозғалады, тіпті болмаса сотқа жүгінуге тура келеді. Ал егер ғимараттың класы талапқа сәйкес келмейтінін расталса, тұрғындар өтемақы алып, пәтер үшін төленген ақшаны қайтара алады.
Виктория Тен, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы президентінің орынбасары:
Сотта жарнамаға, буклеттерге сеніп алданғаныңызды дәлелдеу өте қиын. Сондықтан мейлінше ресми құжаттар немесе оның көшірмелері болған дұрыс және халық заңдағы санаттарды жатқа білуі тиіс.Бірақ құрылыс саласының сарапшылары сол классификация параметрлерін қайта қарау керек деп отыр. Мысалы ішкі әрлеуге қатысты «жоғары сапалы материалдар», «заманауи технологиялар» деген сияқты тұжырымдар жазылады, бірақ материалдың нақты қай түрі екені айтылмайды. Сондықтан мамандар классификацияны жүйелеп, маркетингтік атауларды заң жүзінде бекітсе, тұтынушы үшін анағұрлым ұғынықты болар еді дейді. Құрылыс компанияларының тағы бір айласы – «бизнес комфорт» деп жарнамасы жер жарғанмен, үйдің нақты класын алдын ала белгілемей сала береді. Тіпті маркетингтік сипаттама беріп, заңда көрсетілгендей үйлердің санатын жазбағаны үшін жазаланбайды да.
Диляра Сейітнұрова, Qazaq Expert Club сарапшысы:
Көбінесе құрылыс компаниялары класты жазбайды. Араластырып береді. Сондықтан келісімшарттарда сатып алушыларға кластардың қандай нормаға келетіні де жазылмайды. Ұғыммен бекіту керек, бизнес, эконом кластармен. Қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын түгелімен сипаттауы керек, түрлерімен. Сол кезде ғана халықаралық стандарттардың деңгейіне жете аламыз. Германия, Корея, Дубайда бірінші кластағы үйлердің сапасы мүлдем басқа, біздің бірінші кластармен салыстыратын болсақ.Раушан Сайлауқызы, тілші:
Бір қызығы, жоғары санат пен төменгі санаттағы үйлердің іргетасы мен ішкі қабырғаларының материалдары көбінде бірдей. Бірақ бағасы бойынша айырмашылық өте үлкен. Мысалы бизнес деп бағаланған 2 бөлмелі үйлер Астанада 70 млн-нан жоғары, ал эконом кластың өзі 40-50 млн-нан асады.Виктория Тен, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы президентінің орынбасары:
Сыртқы қасбеттік материалдарға қатысты салыстырмалы түрде айырмашылықтар бар. Ал ішкі қабырғалар, еденіне қатысты материалдар көбінесе бірдей, санатқа бөлу үйдің алаңы, аумағы, есік-терезелердің орналасуы, балалар ойнайтын алаң, бөлмелердің бөлінуі секілді жобаларға байланысты болады.Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, биыл жыл соңына дейін құрылыс кодексі туралы заң қабылданады. Заң бұзғыш компаниялар жұмыс істей алмай қалады дейді.
Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Басқаша айтқанда, құрылыс саласында адал емес, абыройы төмен, заң талаптарын қатаң түрде сақтауды білмейтін компанияларды біз біртіндеп құрылыс нарығынан шығаратын боламыз. Ал мына «комфорт», «эконом», «бизнес класс» деген деңгейлерді біз біртіндеп заң шеңберінде кіргізетін боламыз.Бірақ жауапты ведомство өкілдерінің бұдан хабары жоқ.
Жанерке Сағымжан, ҚР ӨҚМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті баспасөз хатшысы:
Ондай ұсыныстар әзірге қаралған жоқ және нормативте ондай ұсыныстар жоқ.Қаланың қым-қуыт тіршілігінде тірнектеп ақша жинап, баспана алу оңай емес. Мысалы бас қалада бастапқы нарық құны бүгінде 730 мың шаршы метрден асады. Ал алған үйің жаңағы айтқандай сапасы бағасына сай келмесе екі есе соққы. Жөндеу жұмыстарына тағы бір пәтердің қаражатын жұмсайтынымыз тіпті бөлек әңгіме.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05