«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында жазушы, тарихшы Ұларбек Дәлейұлының «Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды. Бұған дейін автордың «Жошы хан» романы оқырман тарапынан жоғары бағаланып, әлеуметтік желілерде көптеген жылы пікірлерге ие болған еді. «Бату хан» романы Ұлық Ұлыста Жошы ханнан кейін билікке отырған Бату ханның жастық шағынан басталып, оның Шыңғыс қағаннан бата алған сәтін, алғашқы жорықтары мен тарихи тартыстарға толы дәуірін көркем және деректі тәсілмен бейнелейді. Бату ханның шығыс жорықтарына қатысуы, Батысқа жасаған әйгілі жорығы, Орталық Еуропаға дейінгі кең байтақ аумақты бағындыруы, дала заңына негізделген жаңа тәртіп пен өркениет орнатуы романда қазақы құнарлы тілмен суреттеледі. Кітап кең аудиторияға арналған.
Ұларбек Дәлейұлы, Жазушы:
Бұған мен «Ұлық ұлыс шежіресі» деген сериялық атау қойғанмын. Сол сериялық атау негізінде әлі алда біраз томдар жазылады. Алдағы уақытта үшінші романыма отырамын. Ол бұның жалғасы. Тоқтамысты бітіріп, Қазақ хандығына дейінгі тұсты жоспарлап отырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы