Басты Жаңалықтар «АрселлорМиттал Теміртау» келесі аптада қазақстандық инвестордың қолына өтеді

«АрселлорМиттал Теміртау» келесі аптада қазақстандық инвестордың қолына өтеді

«АрселлорМиттал Теміртау» компаниясы, келесі аптада қазақстандық инвестордың қолына өтеді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады. Ал инвестордың кім екені белгісіз. Келісімге қол қойылмайынша жариялай алмаймыз деді Үкімет мүшелері. Компанияны қайтару жұмыстарына бюджеттен ақша жұмсалмайды, барлығы инвестор есебінен жүргізілмек.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Компанияның сатылу құны туралы әзірге айту ерте. Себебі екі инветор арасындағы келісім әлі жүріп жатыр. Дәл қазір «АрселлорМиттал» компаниясының Қазақстан билігіне қатысты ешқандай шағымы жоқ. Олардың еңбек қауіпсіздігі, экологиялық нормалар бойынша қандай заң бұзушылықтарға барғаны баршаға аян. Сондықтан компания екі жақты келісім бойынша сатылып жатыр. 


Бөлісу