Ұлттық ойындарды насихаттайтын «Алтын сақа» челленджіне бүгін жер-жерден бір миллионнан астам оқушы қатысып, асық атудан өзара бақ сынасты.
Мақсат-қазақ халқының тарихын, мәдениетін және салт дәстүрлерін дәріптеу. Аталған шарадан ақмолалық оқушылар да қалыс қалған жоқ. Олар өзара топқа бөлініп, бес асық, ханталапай, үш табан сынды ойындардан бәсекеге түсті. Жалпы, бұл челленджге облыс бойынша 8 мыңнан астам бала мен 1200-дей мұғалім қатысты. Халқымыздың дәстүрлі ойыны саналатын асық ату адамды мергендікке, ептілікке, шеберлікке, батылдыққа, дер кезінде шешім қабылдауға үйретеді. Сондықтан бұл ойын түрін одан әрі дамыту қажет,-дейді ұйымдастырушылар.
Самат Әукенов, Ақмола облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Асық ату спортына өте үлкен көңіл бөлініп жатыр. Ауданда, қалада, облыстарда үйірмелер бар. Осы үйірмелерге мыңнан астам оқушы қатысады. Жарыстарға да барып жүрміз.
Ұмсындық Наурызбаева