Басты Жаңалықтар ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды

ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды

Астанада жасанды интеллект пен цифрлық технологияны біріктірген жаңа білім беру кеңістігі — TopIQ Smart Class ашылды. Жобамен Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева танысты. Жаңа сыныпта smart-парта, smart-тақта, электронды оқулықтар және цифрлық күнделік жүйесі біріктірілген. Оқушылар сабақ барысында интерактивті тапсырмалар орындап, шығармашылық және оқу материалдарын бір ортада қолдана алады. Ең басты ерекшелік – мұғалім әр оқушының жұмысын экран арқылы нақты уақыт режимінде бақылап, оқу процесін жедел басқара алады. Аида Балаева білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесіне жан-жақты әрі байыппен қарау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, ең алдымен мұндай шешімдердің балалардың білім сапасына әсері ескерілуі тиіс. Мамандардың айтуынша, TopIQ Smart Class оқу процесін цифрландыруға, сабақ сапасын арттыруға және оқушылардың қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік беруде. Пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен іске асуда.

Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасының баспа ісі жөніндені вице-президенті:

ТМД елдерінде қолданыс таппаған. Әлемнің екі үш мемлекетінде ғана қолданыста отырған смарт класс. Музыкалық инструменттер бар, яғни, баланы сергіту ретінде біз пианиноны қолдана аламыз. Гитара бәрі бар. Болашақта домбыраны қосқымыз келіп отыр, себебі, бұл Ұлттық құндылыққа негізделген.  
Бөлісу