Басты Жаңалықтар «Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр

«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр

Қазақстанда «Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Білім беру мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық оқу бағдарламалары қарастырылатын болады. Ауқымды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр.

«Сириус» білім беру орталығы 2015 жылы Сочи қаласындағы Олимпиада инфрақұрылымы негізінде ашылған. Білім беру саласындағы орталықтың негізгі мақсаты өнер, спорт, жаратылыстану бағытындағы ерекше қабілеттері бар балаларды ерте анықтау және дамыту, кәсіби қолдау. Бұл орталық он жылдан аса уақыт табысты жұмыс істеп келеді. Жобаның аясында биыл II Халықаралық таланттар саммиті аясында «Талант и успех» білім беру қоры, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Алматы қаласының әкімдігі және KAZ Minerals тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның аясында ауқымды жұмыс жоспарланған. Ал, Саммиттің алғашқы күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында өткен «Достық музыкасы» симфониялық концертімен қорытындыланды. Концертке Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы Елена Шмелева қатысты.

Елена Шмелева, «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы:

Біз қазірдің өзінде Қазақстанның ең таланты оқушыларымен және олардың мұғалімдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Олар саммитке екінші рет «Келешек мектептерден» келіп, тұтас елдің атынан қатысып отыр. Қазақстан Республикасының дарынды балалар мен жастармен жұмыс істеу орталығын, сондай-ақ Астанада Жастар ғылыми паркін салуды көздейді. Сонымен қатар Алматы қаласында тиісті инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыс жалғасады.

«Сириус – Қазақстан» таланттар саммиті алғаш рет биыл қаңтар айында Алматы қаласында өткен болатын. Сол кезде Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының құрылысына алғашқы тас қалау рәсімі ұйымдастырылды. Ал, концерттің екінші бөлімі Дмитрий Шостаковичтің туғанына 120 жыл толуына арналды.

Павел Милюков, Ресей федерациясының еңбек сіңірген әртісі:

2008 жыл мен үшін ерекше оқиғамен есте қалды. Осы Астанада өткен конкурста жеңіске жетіп,  өзім үшін үлкен қолдау болды. Сол себепті, мен үшін астаналық көрермендер, басқалардан жақынырақ, ыстық десем де болады.

Ынтымақтастық аясында елордада өткен саммитте ауқымда шаралар ұйымдастырылды. Бағдарламасына ғылыми-көпшілік дәрістер, «Сириустың» жетекші сарапшылары өткізген шеберлік сабақтары, сондай-ақ математика және жаратылыстану пәндерінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары жоғары деңгейде өтті.

Бөлісу