Басты Жаңалықтар Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады

Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады

Павлодарда шыбын-шіркейді улауға дрон қолданылады. Себебі бұл өңір зиянкестер ең көп таралған аймақ . Басқасын айтпағанда балапан мен ұсақ төлдер зиян шегіп келеді. Алдағы жазда  дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуде тағы қандай жаңашыл әдістер қолданылмақ?

Павлодарға бірден он авиациялық ұшақтың келуі бірінші рет. Бұлар әуеден өңдеу жұмыстарына жегіледі. Қанатты зиянкестер  67 елді мекенде және Ертістің қос қапталындағы жалпы аумағы 3200 шақырым шабындық алқапта уланады.

Сағын Төлеутаев, облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Ағымдағы жылы 172 мың гектар аумақты өндейміз.Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары. Былтырғы жылы біз 127 мың гектарды өндеген болатынбыз.

Маса мен шыбын-шіркей құсты қырып, тіпті, ұсақ төлге ауыз салды деген дерек алғаш рет Павлодар өңірінде тіркелген болатын. Жаз болса адамдар үйден шыға алмай қалады. Далада ғана емес, бұл жағдай қалаға да жеткен. Он жылдан аса жалғасқан зиянкестермен арпалыс нәтиже бермеді. Осы соңғы екі жылда ғана жағдай тұрақтала бастады.

Қанат Ахметов, Биология ғылымдарының докторы:

2017 жылға дейін тек қана Павлодардың деңгейінде бір 30 шақырым көтерінкі,30 шақырым төмен жағында ғана жұмыс жасаса, әрине өнделмеген жағдайынан қансорғыштар ұшып келе беретін. Ал, енді қазіргі күні толығымен бүкіл жайылма Ертіс бойындағы өнделеді.

Ал мынау алысқа ұшатын дрондар. 100 литрлік бакты іліп алып, екі шақырым қашықтыққа дейін барады. Бұрын аграрлық жұмыстарға пайдаланылса, Павлодар өңірінде алғаш рет шыбын-шіркейді улау жұмыстарында сыналмақ.

Бауыржан Жанақов, мердігер компания өкілі:

Батпақты жерлер бар, адам жүре алмайды. Кей жерлерде электр сымдары бөгет, ну ағаштың ішіне де адам кіре алмайды. Сондай аумақтарға дрондар барады. Бұлар сағатына 65 шақырым жылдамдықпен ұшып 250 гектар жерді өңдеуге қауқарлы.

Қансорғыштарды улауға қажетті биологиялық препараттар қоры жеткілікті. Қазірдің өзінде Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін өңдеу жұмыстары аяқталды.

Бөлісу