Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
Ақмола облысында ит қабу фактілері азаймай отыр. Бұралқы иттердің адамдарға шабуылы әсіресе Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларында жиілеген.
Иттің тісі 2,5 сантиметр тереңдікке батса, бұл өте қауіпті саналады,-дейді ақ халаттылар. Дәл осындай ауыр жарақатты Қосшы қаласының тұрғыны Гүлсара Сембай бір ай бұрын алды. 3 жасар қызымен ауызашарға бара жатқан келіншекке көшеде бос жүрген ит бас салып, үш жерден тістеп алған. Бұған дейін Көкшетауда жүкті әйелге бір емес, 10 шақты ит шабуылдап, талап тастай жаздаған. Абырой болғанда, кездейсоқ адамдар көмекке келіп, арашалап үлгерді. Өңір бойынша бұралқы иттердің көбейгенін мамандар да растап отыр. Полицияның мәліметіне сүйенсек, өңірде қорек іздеген иттердің қорадағы қойды жарып, үй құстарын талап кеткен деректері де аз емес. Ал облыстық ветеренария басқармасы жыл басынан бір мыңнан астам бос жүрген ит ұсталғанын айтады. Бірақ оларға арналған арнайы орын болмағандықтан, қайтадан көшеге бос қоя береді.
Жанар Бегайдар, облыстық Ветеренария басқарқармасының бас маманы:
Ақмола облысы бойынша қаңғыбас жануарлардың санын реттеу іс-шараларына биылғы жылы 96,5 млн тг қаражаты бөлінді облыстық қазынадан. Бүгінгі таңда бүкіл функциялар аудан және қала әкімдіктеріне берілді. Бүгінгі таңңда облыс бойынша 1160 қаңғыбас жануар ит ұсталынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы