Астанада балалар мінген аттракцион құлады
Астанадағы Орталық саябақтың аумағындағы аттракциондардың бірі темір бекіткіштен үзіліп кетіп, екі бүлдіршін жазым бола жаздады.
Оқиға 25 сәуір, кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Әлеуметтік желіде балалардың анасы жариялаған жазбада аттракцион кабинасы бірнеше темір бекіткіштен үзіліп, жерге құлағанын көруге болады. Оқыс оқиғаға қатысты Нұра аудандық полиция басқармасы тексеріс бастады. Құқық қорғаушылар, техникалық қауіпсіздікке қатысты шара қабылданады деп айтып отыр. Ал, аттракцион басшылығы келеңсіз жағдайға байланысты кешірім сұрады.
Ғайни Хасенов, «Magic Park Astana» ЖШС директоры:
Оқыс жағдайға байланысты балалар мен ата-анасынан кешірім сұраймыз. Мұндай жағдай бізде бірінші рет болып отыр. Қазір арнайы мамандармен олқылықтың себебін анықтап жатырмыз. Сарапшыларды да шақырттық. Ендігі әрі мұндай жағдай қайталанбайтынына сенімдіміз. Бұған өзіміз де аң-таңбыз. Себебі аттракцион сәуір айында ғана техникалық тексерістен өткен еді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03