Басты Жаңалықтар Ұлытаулық жас отбасының тұңғышы еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды

Ұлытаулық жас отбасының тұңғышы еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды

Елімізде 20 миллионыншы атанған бес сәбидің бірі Ұлытау облысында дүниеге келді. Сұңғатқызы Томирис Жезқазған қаласында 8-ден 10 минут кеткенде туған. Олжалы сәби – отбасының тұңғышы.

Әйкерім Молдашева, Жезқазған Қаласының тұрғыны:

Жалпы көп балалы ана болғым келеді. Бүкіліне осы бақытты тілеймін. Кәдімгідей қобалжып тұрмын . Мүмкін 21 миллионыншы баланың анасы да мен болатын шығармын.

Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Томирис дәрігер болжаған уақытта туған. Салмағы 3 келі, бойы 49 сантиметр. 20 миллионыншы қазақстандықтықтың кіндігін кесу бақыты 38 жылдық тәжірибесі бар акушер-гинекологқа бұйырыпты.

Әнжан Баймағамбетова, акушер-гинеколог:

Ұлытау облысында осындай қуаныш болып жатыр. 20 миллионыншы баланы өмірге әкеліп жатырмыз. Бізде биыл былтырғы, алдыңғы жылға қарағанда туу өте көп. 


Руслан Нұрланұлы

Бөлісу