Депутаттар өндірістегі жарақатынан жұмыссыз қалғандардың жайын көтерді
Кеншілердің жұмысы ауыр әрі қауіпті. Мәжіліс депутаты Арман Қалықов Шахталар ажал ошағына айналмасын десек, инвесторға икемделген заңнаманы өзгерту керек дейді. Мәселені түбегейлі шешу үшін кәсіпорын иесін ауыстыру аздық етеді. Азаматтық, Кәсіпкерлік, Еңбек кодекстерін қайта қарау қажет деп отыр. Сонымен қатар депутат Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады. Өндіріс орнында жарақат алуына байланысты жұмысынан айырылған жандардың жайын көтерді.
Арман Қалықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұрын жұмыс орнында ауыр жарақат алуына байланысты жұмыскерге берілетін төлем өмір бойы төленетін. Азаматтық кодекске енгізілген 2015 жылғы өзгерістерге сай, бұл төлем зейнетке шыққанда тоқтатылатын болды. Бейне бір ол адам зейнеткерлік жасқа жеткенде сауығып, болмаса аяғы не қолы қалпына келердей. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау керек деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10