Кеншілер 55 жаста зейнетке шығуы мүмкін
Мәжіліс кеншілерге 55 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік беретін арнайы әлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін қоғамдық бірлестіктердің мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, заң жобасымен жұмыс істеу барысында Мемлекет басшысының 1-ші қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында үкімет құжатқа бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды. Олар зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауға қатысты. Бұл жаңалықты кеншілер тағатсыздана күтіп жүр.
Тұяқ Қоқымбаев, кенші:
Ауыр жұмыс болғаннан кейін қуанбайтын кісі жоқ шығар енді шахтада істейтін. Қазір кетіп қалсаң, шамалы болса да зейнетақым бар деп қорықпайсың.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10