Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар талқыланды

15.11.2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқық бұзушыларды жазалап қана қоймай, қылмыстардың қайталануын болдырмайтын жүйені құру маңызды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелерінің басқосуында айтты.

Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қазіргі қоғам үшін аса маңызды міндеттердің біріне айналғанын айтты. Биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейді. 4 ай ішінде жауапқа тартылғандар саны артқан. Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапқа тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жеткен. Комиссия мүшелері ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне тоқталып өтті. 25 қарашада «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталады.

Сондай-ақ, смартфондарда мобильді қосымша әзірлеу қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында еліміздің кем дегенде екі аймағында зорлық-зомбылыққа байланысты күдікке ілінген адамды жедел әкімшілік жолмен ұстау жобасын пилоттық режимде енгізу керек.

Салтанат Тұрсынбекова, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық директоры:

Бұл медициналық сараптама мен сотқа арналған материалдарды дайындау ісін де жеделдетеді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске құқық бұзушыны ұстау мерзімін 24 сағаттан 48 сағатқа дейін ұзартуды ұсынамыз.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу