LRT Астанадағы көлік кептелісін шеше алмайды – сарапшы
Өткен жұмада әлеуметтік желіде тараған видео көптің көңіліне тағы да күдік ұялатты. Жұрт 18 жылдан бері күтіп жүрген аспалы жол қирап жатыр ма деп жұртитың зәресі кетті.
Нұржан Беков, «CTS» ЖШС басқарушы директоры:
LRT құрылыс алаңының аумағында бетон құю кезінде қалыптың болт қосылымына жүктеме артып, нәтижесінде қалып бұзылған. Салдарынан темірбетон тірегінің конструкциясы бір жағына қарай қисайған.
Иә, LRT құрылысына жауапты компания қорқатын дәнеңе жоқ деп елордалықтарды жұбатты. Алайда осы күнге дейін жобаға қанша қаражат жұмсалғанын халық ұмытып та қалды, жаңылысты. Белгілісі – биыл 156 млрд бөлінген. Келер жылы шығын 66,2 млрд теңге болады деп күтілуде.
Нұржан Беков, «CTS» ЖШС басқарушы директоры:
Жобаны екі кешенге бөлдік. Бірінші кешеніміз – линияны толығымен бітіру, электр, релстерді салу. Бұны жоспарлап жатырмыз, 2024 жылдың соңына дейін жалпы барлық құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайданалуға беру.
Тәуірбек Бозекен, тілші:
Елордада LRT құрылысын жүргізіп жатқан компания Қытайда ұзындығы 16 мыңға жететін 300-ден аса магистраль жолын салған екен.Үлкен тәжірибесі болғандықтан негізгі жұмыс күші сол жақтан тартылып жатыр дейді, мердігер компания өкілдері. Қазір осы құрылыс басында жүрген 1500 жұмысшы бар. Олардың жартысынан көбі шетел азаматы. Ал күн қатты суытқан кезде жұмысты дәл осылай тқтатып қояды екен.
Ал мамандар Қытайдан келген компаниямен қайтадан келісімшарт жасасып, жергілікті тұрғындарды көбірек жұмысқа тартса құба-құп дейді.
Айдархан Ташев, заңгер:
Мейлі, 1-3 адам Қытайдың білгіш техниктері келсін. Ал қалған жұмысшыларды, мастерлерді, өзіміздің қазақтан болу керек. Қазір ақшасыз жүрген адам көп. Жұмыс таппай жүр. Пәтерақысын төлей алмайды, несие төлей алмайды.
Жоспар бойынша 2025 жылы 8 станция іске қосылып, ол арқылы 5 пойыз жүйіткіп жүрмек. Ал 2026 жылы қалған 10-ны қолданысқа беріледі. Сөйтіп, Елордада бас-аяғы 19 станция болады деген болжам бар.
Экономист-сарапшылар болса, көп күттірген жоба қалаға сән беріп тұрғанымен, көлік кептелісін шеше алмайды, деп отыр.
Ерғали Әбенов, экономист:
Бұл жоба өз-өзін ақтау үшін қала халқы мүмкіндігінше көп болу керек. 6 млн халық болатын болса, өз-өзін ақтауы мүмкін. Екінші, бұл жоба әуежайдан вокзалға дейін ғана келеді. Бізде әуежайдан қаншама халық келе бермейді ғой. Оны жан-жақтағы елдімекендермен байланыстыратын жоба болатын болса, өз-өзін ақтау мүмкіншілігі болар еді.
Күніне 22 мың адамды тасымалдап жүрген Өзбекстандағы жерүсті метросын тілге тиек етейкші. Бір қызығы бұл іске шетелдік емес, жергілікті компаниялар жұмылдырылған. Үздіксіз жүріп тұратын метро қаланың шеткі елді мекендерін орталықпен байланыстырып тұр.
Бекзод Рузиев, «Боштранслойиха» АҚ Бас инженер жобалаушысы:
Ең бастысы, қаланың экологиясы жақсарды. Көлік ағыны азайды. Ал адамдар діттеген жеріне тез жетіп жүр. Сағаттап жүретін жол 30 минутқа дейін қысқарды.
Иә, LRT-ға қатысты шытырман оқиғалар мен шетелге қашқан шенеуніктер еске түссе, көңіл тағы құлазып қалады. Бірақ жүрісі жеңіл, «жолы ауыр» жобадан халық әлі де үмітті.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10