Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар
Ауғанстандағы зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы әйелдер мен балалар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр. Еске салайық өткен аптада Ауғанстанның батысында магнитудасы 6.3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Талибан үкіметі хабарлағандай, қазанның 7-де Герат провинциясында зілзаладан 20 ауылда 2 мың үй қирап, 2 жарым мыңдай тұрғын қаза тапты. Сонымен қатар 1700-ге жуығы жараланған. Айта кетсек, дәл осы аймақта сәрсенбіде жер дүмпу қайталанып, 1 адам мерт болып, жүздеген үй тағы құлаған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14