Еліміздегі екі қор биржасы бір орталықтан басқарылуы мүмкін. Бүгін сенат депутаттары Алматыдағы КАСЕ қор биржасына келіп, осы мәселені талқылады. Бұған дейін олар «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылған AIX биржасында осы мәселені көтерген еді. 30 жылдан бері KASE мемлекеттік құнды қағаздар мен корпоративті облигация және акция нарығында жергілікті платформа ретінде қызмет етіп келе жатса, ал AIX 2017 жылдан бастап халықаралық инвесторларды тарту үшін құрылған. Сенаторлар, осы биржаларды біріктіру арқылы бизнеске серпін беріп, экономикалық дамуымызға оң ықпалы ете аламыз деп отыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында қор биржаларын біріктіруді ұсынған еді.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Екеуі екі юрисдикцияда жұмыс істейді. Біреуі ағылшынның Уелс құқығы бойынша, ал мынау Қазақстанның заңнамасымен жұмыс жасайды. Сондықтан бұның басын бірден біріктіру жолы оңай емес. Сондықтан біз техникалық мәселелерді қазір талқылап жатырмыз. Болашақта біз осы мәселенің нүктесін қоюымыз керек. Президенттің берген тапсырмасы бар, біз осы мәселені жылдың аяғына дейін шешуіміз керек