Елімізде сұйық май бағасы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сұйық май бағасы қымбаттауы мүмкін

06.10.2023

Елімізде сондай-ақ сұйық май бағасы қымбаттауы мүмкін. Оған май зауыттарына шикізаттың жетіспей жатқаны себеп. Биыл қуаңшылық салдарынан күнбағыс та аз жиналған. Өнімнің көлемі 850 мың тоннадан аспайды. Бұл өткен жымен салыстырғанда 17 пайызға аз. Бұдан бөлек, фермерлер мен дәнді-дақылдарды алып-сатарлар Үкіметтен күнбағыс экспортына енгізілген баж салығын алып тастауды сұрап отыр. Ал, май өндіретін зауыт басшылары бұған қарсы. Олар егер салықтың бұл түрі алынып тасталынса, шикізаттың бәрі экспортқа кетеді деп алаңдайды.

 Еркінбек Досқожанов, кәсіпкер:

Қазақстанда 3 млн тонна өнім өндіретін зауыттар бар. Фермерлер жылына көп дегенде 1 млн тонна күнбағыс береді. Өзімізге жетпей жатса қалай экспортқа шығарамыз?! Біріншіден, өзіміздің өндірісті ойлауымыз керек.

Ядыкар Ибрагимов, майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы:

Біз былтыр 417 тоннадан астам күнбағыс майын өндірдік. Бұл рекордтық көрсеткіш. Дамып келеміз, бірақ шикізат мәселесін шешу керек. Біз оны қазірдің өзінде шетелдерден тасып отырмыз. Ал, егер отандық фермерлер күнбағысты сыртқа сататын болса жағдайымыз мүшкіл.


Хабарламаларға жазылу