Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі» туралы жеке заң қабылданды. Бұл қадам салаға серпін берді. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Қазір орташа жалақы 400 мың теңгеге таяды. Балабақша тәрбиешілерінің де айлығы 30 пайызға өсіп, бүгінде 290 мың теңгеге жеткен. Ұстаздардың еңбек демалысы да 14 күнге ұзартылып, 56 күнге жетті.
Жас мамандар да көбейіп келеді. Биыл 16 мың бала педогог мамандығы бойынша оқуға түсті.
Ең бастысы, елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жемісті жүзеге асып жатыр. Жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен 13 мектеп салынды. Жыл соңына дейін тағы 33 мектеп бой көтермек.
«Педагог мәртебесі туралы» жеке заң қабылданғаннан кейін:
Мектеп мұғалімдерінің жалақысы - 2023 жылы 393 мың теңге. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы – 1 қыркүйектен бастап 290 мың теңге.
Еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге ұзартылды.
Биыл 16 мың бала педагог мамандығы бойынша оқуға түсті.
«Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр. 13 мектеп салынды, 33 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13