Басты Жаңалықтар «Қазақстан халқына» қоры әртүрлі саладағы негізгі мәселелер бойынша 40 жоба әзірледі

«Қазақстан халқына» қоры әртүрлі саладағы негізгі мәселелер бойынша 40 жоба әзірледі

«Қазақстан халқына» қоры денсаулық сақтау саласы, білім беру, мәдениет және спорт бағытындағы негізгі мәселелер бойынша, 40 жоба әзірледі. Ол үшін қордан 146,5 миллиард теңге болатын қаржы бөлініп отыр. Бұл жайында аталған қор ұйытқы болған Ұлттық қайырымдылық конференциясында айтылды. Айта кетейік, бүгінде қор сирек дертке шалдыққан ел азаматтарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздарын жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары:

45 мың өтінім келіп түсті бүкіл Қазақстаннан. Ендігі мақсат түйіткілдің шешу мәселесін тездету. Ал енді Қазақстан халқы қоры өңірлер бойынша деген тақырыппен бастадық. Әр өңірдің өз спецификасы бар. Шағын, орта жобалар болуы мүмкін.Соның барлығын ақылдасып жаттық. Осы айдың аяғына дейін ұсыныстарды жинап жатырмыз.


Бөлісу